КММ «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» кітапханасында «Балдаурен» мектеп жанындағы лагерь жоспары бойынша «Кітап жәрмеңкесі» атты қызықты іс-шара өткізілді. Балалар түрлі тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауаптары үшін жетондар алды. Кейін олар жинаған жетондарын өздеріне ұнаған кітаптарға айырбастады. Іс-шара барысында дартс ойыны да ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кітап жәрмеңкесі танымдық әрі қызықты өтіп, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.
