Рубрика: Тәрбие беру жұмысы
2025 жылдың қазан айында мектепте «Алтын күз» мерекесі өтті.
2025 жылдың 3 қазаныңда 11 сынып оқушылары ұстаздар мерекесіне орай “Өзін-өзі басқару” күнін өткізді. Үлкен сынып оқушылары сабақ өткізіп сонымен қатар мектеп ішілік концерттік бағдарлама өтілді.
Ауыл кітапханасында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде құқықбұзушылықтың алдын алу туралы әңгіме қозғалды.
«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы аясында Ю.Гагарин атындағы орта мектептің еріктілері ауылымызда тұратын қарттарының үйлеріне барып «қарттар мерекесімен» құттықтады.
2025 жылдың 27 қыркүйек күні Ақсу қаласында Халықаралық туризм күніне орай «Эко-мектеп» туристік экоквесті өтті. Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушыларынан құралған «Краевед» командасы 2 орынға ие болды!✨Құттықтаймыз!
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде 9-сыныптарда мектеп психологы мен сынып жетекшілері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Евгеньевка ауылының кітапханасында кітапханашы Шингисова Л.Т. Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ақынды еске алу ой толғау сағаты өтілді. Іс-шараға Ю.Гагарин орта мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты.
«Назар аудар балалар» акциясы аясында Евгеньевка ауылының полиция қызметкері Қ.Б. Байманқулов, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бірінші сынып оқушыларына жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелері бойынша нұсқаулар өткізді.
1 қыркүйек күні Ю.Гагарин орта мектебінде салтанатты сап-түзеу өтті.
