3 маусым күні «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ кітапханасында «Балдәурен» мектеп жанындағы лагерь жоспарына сәйкес, «Жерім менің – тірегім» тақырыптық күні аясында «Бабалар жолы» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар қазақ халқының тарихымен және мәдени мұрасымен танысып, бабаларымыздың салт-дәстүрлеріне арналған кітап көрмесін тамашалады, сондай-ақ «Туған батыр» анимациялық фильмін көрді. Оқушылар талқылауға үлкен қызығушылықпен қатысып, өз әсерлерімен бөлісті және туған жер, оның тарихы мен батырлары туралы білімдерін кеңейтті. Бұл іс-шара отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға септігін тигізді.
