28 қазан күні Ақсу қаласында «Қамқоршы күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.
Құрметті қамқоршылар! Сіздерге күн сайын балаларға мейірім мен қамқорлық, сүйіспеншілік сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздердің арқаларыңызда олардың балалық шағы бақытқа толы, ал әлем — мейірімді бола түседі. Сіздерге мықты денсаулық, жүректеріңізге қуаныш пен бала күлкісінің көп болуын тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым алғыс пен бақыт болып қайтсын.
Мерекелеріңізбен! 🌷
