17 сәуір күні Ю.Гагарин ОМ бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Ақсу қаласы ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры А.С. Шоланов және учаскелік полиция қызметкері К.Б.Байманкулов қатысты. Жиналыста балалардың қауіпсіздігі, жарақаттану, кәмелетке толмағандардың көлік жүргізуіне тыйым салу, су айдындарындағы қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
