Ұлттық кітап күні қарсаңында кітапханада «Ғылым әлемі» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Іс-шара «Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің бастауы» тақырыбымен өтті. Кітаптар бала кезден бастап адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, қиялын дамытып, білімге деген қызығушылығын арттырады. Көрме оқуға деген сүйіспеншілікті ерте жастан қалыптастырудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
