КММ «Ю. Гагарин атындағы орта мектепте» профилактикалық жұмыс аясында оқушыларға мектептегі қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында жадынамалар таратылды. Жадынамаларда мектепке өткір және кескіш заттарды, оттықтарды, сіріңкелерді, электронды темекілерді және басқа да қауіпті заттарды алып кіруге тыйым салынатыны туралы ақпарат, сондай-ақ белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Жұмыс барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау әр адамның міндеті екені және оның өмір мен денсаулықты сақтауға ықпал ететіні қосымша түсіндірілді.
