Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы, мектебіміздің мақтанышы Тиленш Еркебулан Тараз қаласында өткен «Маралтай оқулары» республикалық шығармашылық байқауында бірінші дәрежелі дипломды жеңіп алды. Еркебұлан Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында оқуға арнайы грантқа ие болды, деп хабарлады Павлодар облыстық білім басқармасынан. Шәкіртінің табысты болуына оның тәлімгері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмас Ақтасовтың үлесі зор. Ол Еркебұланның шығармашылығына шабыт беріп, оның әдеби дамуына бағыт-бағдар береді.
