«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектебімізде оқырмандық үзілістер ұйымдастырылуда.
Оқушылар өз қызығушылықтарына сай кітап таңдап, мектеп кітапханасының жайлы ортасында ынтамен оқиды.
Жобаның мақсаты – балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру. 📚
Кітапхана
Біздің мектептің оқушылары «Каникулда кітап оқимыз» челленджіне белсенді қатысты.
Бұл челлендждің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және бос уақытын пайдалы өткізуге үйрету.
Қазақстан Республикасы күніне орай кітапханада керемет тақырыптық кітап көрмесі ашылды!
«Оқулыққа қамқор бол» акциясы аясында мектепте оқулықтарды тексеру рейді өткізілді. Кітапхана меңгерушісі , аға тәлімгер және «Жас Ұлан» белсенділері оқулықтардың зақымдалуын, мұқабаларының болуын, оқулықтардың беттерінің бүтіндігін тексерді.
Тілдер күніне орай мектеп кітапханасында «Ана тілім ардағым» көрмесі ұйымдастырылды.
21 ақпанда мектеп жасына дейінгі балалар кітапханамен алғашқы таныстықтарын өткізді. Пазл батл «Әдеби мозаика». Балалардың барлығы дерлік жұмбақ құрастыруды ұнатады, жұмбақтарды ойнау кезінде балалардың шыдамдылық, ұқыптылық, зейінділік, бір нәрсеге назар аудару, табандылық, білуге құштарлық сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар бөлшектерді бір-бірімен байланыстыруды, пішіні, түсі, көлемі бойынша ажыратуды үйренеді.
